Институтының директорлары

 

ТУЛЕМИСОВА Клара Ахмедьевна

1937 жылы 5 тамызда Ақмола облысының Макинск қаласында туылған, мұғалімдер отбасында дүниеге келді.  Биология ғылымдарының докторы (1989), профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1995), Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы. Қазақ тағам өнеркәсіптері ҒЗИ директорының міндетін атқарды (1993-1995).

ЧОМАНОВ Уришбай Чоманұлы

1948 жылы Ташкент облысының Шуралисай ауылында дүниеге келген. Техника ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992), ҚР ҰҒА академигі (2003). Қазақ химия-технологиялық институтының инженер-механик мамандығы бойынша бітірді (1971). Қазақ тағам өнеркәсіптері ҒЗИ директорының міндетін атқарды (1995-2000).

ӘБДЕЛІ Дайрабай Жұмаділұлы

Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақ тағам өнеркәсіптері ҒЗИ директоры міндетін атқарған (2000-2003).

ІЗБАСАРОВ Дүйсебай Сайлаубайұлы

1951 жылы 4 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының 115-шi разъездінде дүниеге келдi.  1973 жылы Астрахан техникалық институтын бітірді. 1994 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады.  Профессор (1996 ), ҚР ҰҒА құрметті академигі (2006), ХИА академигі (Мәскеу, 2002) және ҚР ҰИА академигі (1999), ҚР АШҒА академигі (1998), Қазақ ҰЖҒА (2008) атағы бар. 2003-2007 жж. «Қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-өндірістік орталығы» РМК директорының міндетін атқарған.

МАГАЖАНОВ Жастлек Мұсағалиұлы

1950 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келді. 1973 жылы Новосибирск Ауылшаруашылық институтын ауыл шаруашылығы өндірісінің инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. Доцент (1994), АШҒА корреспондент мүшесі (2009). 2007-2010 жылдар аралығында АФ «Қазақ  ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ҒЗИ» ЖШС директоры міндетін атқарушы, кейіннен «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС-нің атауы өзгертілді.

ӘЛІМҚҰЛОВ  Жексенқұл Сарманқұлұлы

1950 жылы 1 қарашада Жамбыл облысын, Луговой станциясында дүниеге келген.  1972 жылы Алматы филиалының Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсіптері технологиялық институтын бітірді. 2010 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Профессор (2011), ҚР АШҒА академигі (2013) атағы бар. 2011-2018 жылдары «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС бас директоры міндетін атқарған.