БАС ДИРЕКТОР

Техника ғылымдарының докторы, профессор

ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі

ОСПАНОВ АСАН БЕКЕШҰЛЫ

БІЛІМІ

  • Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институты, мамандығы - Тағам өндірісінің машиналары және аппараттары (1983)

  • Техника ғылымдарының кандидаты (1990)

  • Доцент (1995)

  • Техника ғылымдарының докторы (2000)

  • Профессор (2003)

  • ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі (2009)

  • ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (2017)

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ

  • Машина бөлшектері мен көтеріп-тасымалдағыш құралдар кафедрасының ассистенті (1983-1985)

  • Мәскеу технологиялық тағам өнеркәсібі институтының тағылымгер-зерттеушісі және «Механика, машиналар және роботтар теориясы» кафедрасының аспиранты (1986-1990)

  • Оқытушы, доцент, «Тағам өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасының меңгерушісі (қазірде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті) (1991-2000)

  • Алматы технологиялық университетінің «Тағамдық инженерия» кафедрасының меңгерушісі және Тағам технологиялары институтының директоры (2000-2002)

  • Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі, ауыл шаруашылығын механикаландыру Ғылыми-өндірістік орталығының директоры, (2002-2007)

  • Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, Алматы технологиялық университетінің бірінші проректоры (2007-2013)

  • Еуразиялық технологиялық университетінің ректоры (2013-2016)

  • Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру Қазақ ғылыми жұмыс жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының бас директорының орынбасары (2016 - 2018 ж.ж.)

  • Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының директоры (2018 жылдан бастап)

 МАРАПАТТАРЫ

  •  «Целинге 50 жыл» мерейтойлық медалі (2005)

  •  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011)

  •  «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2011)