ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (ҚҚӨжТӨҒЗИ ЖШС) 1993 жылы Алматы қаласында құрылды.

  • 1993 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде «Қазақ тамақ өнеркәсібі ҒЗИ» деп аталды.

  • 1993-1996 жылдар аралығында институт Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары Академиясының жүйесінде болды; 1996 жылдан бастап 2002 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ұлттық академиялық орталығының Аграрлық зерттеулері (ҰАОАЗ) жүйесінде болды.

  • 2002-2007 жылдар аралығында Қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-өндірістік орталығының құрамына кірді.

  • 2007 жылдан бастап «ҚӨжТӨҒӨО» РМК «ҚазАгроИнновация» Акционерлік қоғамына («ҚАИ» АҚ) қосылу арқылы қайта құрылды

  • 2010 жылдан бастап, «ҚАИ» АҚ-ның Бұйрығы негізінде «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды.

  • 2016 жылдан бастап «ҰАҒБбО» КеАҚ құрамына кірді.

Институттың ғылыми әзірлемелеріне баға жетпес үлес қосқан және онда жұмыс істеген ғалымдар: ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Тулемисова К.А., ҚР ҰҒА академигі, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Елемесов К.Е., техника ғылымдарының докторы, профессор Витавская А.В., техника ғылымдарының докторы, профессор Налеев О.Н., техника ғылымдарының докторы, профессор Абделі Д.Ж. және т.б.