ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЗЕРТХАНАСЫ

ЗЕРТХАНА 2008 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН

Зертхананың жұмыс жасау кезеңінде 60-тан астам ғылыми мақалалар жарияланды, 7 патент алынды, оның 5-і ҚР инновациялық патенттері және 2 халықаралық патент. Зертханада жоғары білікті мамандар жұмыс істейді: ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Чоманов У.Ч., т.ғ.к., Кененбай Г.С., т.ғ.к., Жумалиева Г.Е. олардың басшылығымен жас және перспективалық мамандардан тұратын ұйымшыл және тату команда жұмыс істейіді. Зертхананы техника ғылымдарының кандидаты Кененбай Г.С. басқарады.

2011 жылы зертхана ғалымдары «Ғылымдағы жастра-2011» жас ғалымдар көрмесінің жеңімпаздары атанды және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры ұйымдастырған «Қазақстанның жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері» дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, зертхана ғалымдары жыл сайын ҚР өңірлерінің АӨК саласындағы «Үшқоңыр» білім тарату орталығында тағам саласы фермерлік және шаруа қожалықтарының өнеркәсіп технологтары ауыл шаруашылық басқару мамандары үшін ғылыми-практикалық семинарларын өткізеді.

НЕГІЗГІ ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР

  • 2008-2018 жж. "International journal of chemical, environmental and biological sciences (IJCEBS) Volume 3 issue 1, Халықаралық журналында  импакт-факторы бар - 1,217, 10 мақала және Scopus Халықаралық базасына кіретін «International Journal of Pharmacy and Technology» журналында 3 мақала жарияланды.

  • 2013 және 2017 жж. «International Journal of Biological, Food, Veterinary and Agricultural Engineering» журналында 2 мақала жарияланды, 1400-ден астам дәйексөз және Дүниежүзілік инженерлік және технологиялық ғылым академиясының деректер базасы бойынша 2-Хирша индексі бар.

НЕГІЗГІ ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ӘЗІРЛЕМЕЛЕР

  • Химиялық құрамы мен функционалдық қасиеттері тағайындалған ұлттық және дәстүрлі тағам өнімдерін өндірудің биотехнологиялық және электрофизикалық әдістерін қолдану арқылы әлемдік нарықта  бәсекеге қабілетті ғылыми-қолданбалы әзірлемелерді және өсімдік шаруашылығы шикізатын ұтымды және кешенді қайта өңдеу үшін жаңа технологияларды құру

  • Судың белсенділігі және психрометрдің теориялық негіздері әзірленген

  • Өсімдік және жануарлар шикізатына негізделген сақталу мерзімі ұзақ ұлттық құрама азық-түлік өнімдерін өндіру

  • Жемістер мен көкөністерді сақтаудың техникасы және технологиясы; өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау кезінде ауаның температуралық және ылғалдылық режимдерін, сапалық көрсеткіштердің, биологиялық және тағамдық құндылықтардың ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесі

  • Бидай ұрықтары негізінде ақуызды-дәрумендік кешенін өндіру технологиясы және оны функционалдық мақсаттардағы тағам өнімдерінде қолдану

  • Биотехнологиялық өңдеу әдістерін қолдану арқылы өсірілген бидайдан биологиялық қоспаларды өндіру технологиясы

  • Өсімдік шикізаттарын пайдалану арқылы жаңа тағамдық ингредиенттерді алу технологиясы 

  • Биологиялық және тағамдық құндылығы жоғары макарон өнімдерін өндіру технологиясы      

ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ЗЕРТХАНАДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР

  • Ақуызды салмасы бар және сақталу мерзімі ұзақ  экструдирленген астық өнімдерінің технологиясын әзірлеу бойынша

  • Шұжықтарды, консервілерді және деликатес өнімдерін өндіру бойынша мастер-кластар өткізіледі

Зертхана Түркия, Франция, Қытай және Ресей университеттері мен институттарымен халықаралық қарым-қатынаста. Сондай-ақ ҚР мен Қытайдың тағам және қайта өңдеу компанияларының мамандарымен бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Тағам өнеркәсібі Одағының өкілдерімен байланыс бар.