МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЗЕРТХАНАСЫ

ЗЕРТХАНА 2008 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН

Мал шаруашылығы шикізатын кешенді және терең қайта өңдеу техникасы мен технологиясын әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізеді. Зертхананы техника ғылымдарының докторы Тултабаева Т.Ч. басқарады.

Тултабаева Тамара Чумановна – АШҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, сүт өнеркәсібі саласындағы жетекші ғалым, онымен өсімдік қоспалары бар ірімшіктердің, сиыр, ешкі, түйе және жылқы сүтіне негізделген түрлі қышқыл сүт өнімдердің, ферментті кешенді қолдана отырып сарысудан алынған сусындардың жаңа түрлерін өндіру технологиясы әзірленді.

Зертханалық зерттеулердің бағыты: мал шаруашылығы шикізатының құрамы мен қасиеттерін терең зерттеу; ет-сүт шикізатын ұтымды және кешенді қайта өңдеу; ет-сүт өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру; функционалдық мақсаттағы өнімдерді өндірудегі жаңа технологиялық үрдістерді дамыту.

Өсімдік қоспалары бар таблетка және құрғақ ұнтақ түріндегі бие мен түйе сүтінен сақталу мерзімі ұзақ өнімдерін өндірудің технологиялары әзірленді, олар өзінің бастапқы сапасын жоғалтпайды, тасымалдау кезінде үнемді және қолдануға ыңғайлы. Технологиялар көмірсуларға, минералды заттарға және дәрумендерге бай сақталу мерзімі ұзақ өнімдерін алуға мүмкіндік береді және әртүрлі аурулардың алдын алу үшін тұтынуға арналған, сондай-ақ адамның иммундық жүйесін жақсартады.

Зертхана ғалымдарымен эксперименттік қондырғылар әзірленді: вакуумды буландырғыш аппарат және вакуумды- сублимациялық кептіргіш.

 

Аралық ылғалдығымен және сақталу мерзімі ұзақ жаппай тұтынудың  және емдік- профилактикалық мақсаттарға арналған биологиялық және тағамдық құндылықтар бойынша теңдестірілген, жаңа буынның жаңа құрама тағам өнімдерін өндірудің технологиясы әзірленді:

  • Сақталу мерзімі ұзақ және етті-өсімдік салма салынған «Баурдак» ұнды өнімін өндіру технологиясы

  • Өсімдік қоспалары бар субөнімдер негізінде сақталу мерзімі ұзақ (90 күнге дейін) жаңа ет Өнімдерінің 4 рецептісі жасалды

  • Асқабақ, қызылша немесе сәбіз қоспалары бар фермент кешенін қолдану арқылы сарысудан сусындарды өндіру технологиясы

  • Өсімдік шикізатынан алынған ферменттелген биоқоспасы бар құрастырылған жұмсақ ірімшіктер технологиясы

  • Ет және май құрамды шикізаттан алынған құрғақ жемді алу технологиясы

  • ІҚМ мен ҰҚМ асқазанының шырышты қабығынан пепсин алу технологиясы

Қазіргі кезде зертхана жақын және алыс шетелге етті экспорттау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес ІҚМ тұтас еттерін бөлу және сүйектен ажырату, сондай-ақ малды союға арналған өнімдерін ІҚМ (май, өт тасы, өт қабы)  экспорттау бойынша технологиясын әзірлеумен айналысады.

Зертхана қызметкерлерімен 70-тен астам ғылыми мақалалар жариялады, олардың 2 жарияланымының 0,26 импакт-факторы бар (Scopus); 40-тан астам патент, оның ішінде 1 еуропалық және 1 еуразиялық патент жарияланған. 3-тен аса ұсыныстар мен 1 монография жарыққа шықты. 2 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы және 5 магистр дайындалған.

Әлеуметтік желілер

  • Facebook Социальной Иконка

Байланыстар

+7 (727) 396-05-09

Мекен-жайы

Гагарин д. 238 "Г" 
Алматы, 050060
Қазақстан

©2018 by КазНИИППП