ҚҰРАМА ЖЕМ ЖӘНЕ АСТЫҚ ӨНІМДЕРІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЗЕРТХАНАСЫ

ЗЕРТХАНА 2003 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН

 

Зертхана жануарлардың, балықтардың, құстардың әр түрлі түрлері үшін емдік-профилактикалық мақсаттарда құрамажемдердің жаңа түрлерін әзірлеумен айналысады және олардың өндірісінде шикізат ресурстарын тиімді пайдалану және астықты терең қайта өңдеу үшін ұтымды технологияларды құру. Зертхананы т.ғ.д. Әлімқұлов Жексенкул Сарманқұлұлы басқарады.

Әлімқұлов Жексенкул Сарманқұлұлы - астық өнімдерін сақтау және қайта өңдеу саласындағы Қазақстанның жетекші ғалымы, техника ғылымдарының докторы. Ол ауыл шаруашылық жануарларына, құстар мен балықтарға арналған емдік-профилактикалық әсері бар құрамажемді өндірудің технологиясын әзірледі.

Жас төлдер үшін емдік-профилактикалық құрамажемнің 8 ғылыми-негізделген рецепттері және ересек ауыл шаруашылық жануарларына, құстар мен балықтардың бағалы тұқымдарына арналған  емдік-профилактикалық әсері бар жемдік қоспаларын пайдалана отырып 12 рецепт әзірленді және нақтыланды, сүт қышқылды бактерияларымен байытылған май өнеркәсібінің қалдықтары негізінде алынған. Жемдік қоспаның құрамындағы сүт қышқылды бактериялар энтеропатогендік ішек таяқшасы, протея, стафилокок, сальмонел және B.subtillis тобына қарсы жоғары антагонистикалық белсенділікке ие, бұл құрамажемдердің санитарлық жағдайын едәуір жақсартады. 

Қызметкерлермен күрішті гидротермиялық өңдеуді жетілдіру және енгізудің техникалық мүмкіндіктері анықталды. Аса құнды бүтін жарманың шығысын 1,5-2,0% - ға артуымен күріш дәндерін сұрыптық ажарланған жармаға қайта өңдеу технологиясы әзірленді,  жоғары деңгейде дайындалатын жарма алудың әдістері ұсынылған.

 

Технологиялық схемалар әзірленген:

  • Ұсақталған күріштен алынатын күріш қауызының өндірімі

  • Қоректік құндылығы жоғары күріш ұнының өндірісі

  • Қоректік құндылығы жоғары күріш ұнынан «құрғақ таңғы асты», «снектерді» алу

Күріш дәндерін өңдеу бойынша технологиялық шешімдер «ОТЕС А» күрішті қайта өңдеу зауытында іске асыруға ұсынылды. Күрішті жармаға қайта өңдеудің әзірленген технологиялық процесінің тиімділігі ажарланған жармалардың шығысын 1,5-2,0% арттырып және жармалық тағамдық концентраттарының түрлерін кеңейту болып табылады.