АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БӨЛІМІ

БӨЛІМДІ ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, Т. Ғ. Д.,

ПРОФЕССОР,ЧОМАНОВ У. Ч. БАСҚАРАДЫ.

Чоманов Уришбай Чоманович - техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі- ет-сүт өнеркәсібі саласында Қазақстандағы жетекші ғалым, тағам өндірісінің үрдістері мен құрылғылары бойынша маманы, сұйық тағам өнімдерін кептіруге арналған сублимациялық және бүркіп кептіргіш қондырғыларының авторы және әзірлеушісі. Ол тағам өнімдерінде, жемістер мен көкөністердегі термодинамикалық көрсеткіштің «су белсенділігі» анықтау әдістерінің теориялық негіздерін және оны анықтауға арналған құралды әзірледі.

Академик Чоманов У.Ч. жетекшілігімен 05.18.04 - «Ет, сүт, балық өнімдері және тоңазытқыш өндірісі технологиясы», 05.18.12 - «Тағам өнімдерінің үрдістері мен аппараттары» мамандықтары бойынша 5 докторлық және 14 магистрлік диссертация қорғалды.

Ғылыми қызмет кезеңінде Чоманов У. Ч көпжылдық педагогикалық қызметі үшін «ҚР еңбек сіңірген мұғалімі» төс белгісімен марапатталды, жеке куәліктің №12590, көпжылдық ғылыми қызметі үшін «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды, жек куәліктің №00718, 2018ж. 2017 жылы Жаратылыстану Академиясының Лондондағы кітап жәрмеңкесінде қатысушы медалімен марапатталу ұйғарылды және «Қымыз және шұбаттың вакуумды-сублимациялық кептіру техникасы мен технологиясын жетілдіру» монографиясына сертификат берілді  London book  fair March 14-16 б., 2013 ж., Journal of Communication and Computer, USA редакциялық кеңестің мүшесі және журналдың сын-пікір берушісі болып табылады.

Бөлім екі зертханадан тұрады - «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау технологиясы» және «Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау технологиясы».