«Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС

Семейлік филиалы

 

Институттың тарихы

 «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ» ЖШС Семейлік филиалы 1958 жылы Семей қаласында ет өнеркәсібінің Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының базасында құрылды, ол 1992 жылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің ет және сүт өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу және конструкторлық институты болып қайта құрылды.

1992-1996 жылдар аралығында институт Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары Академиясының жүйесінде орналасты; 1996 жылдан бастап 2002 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ұлттық академиялық орталығының Аграрлық зерттеулері (ҰАОАЗ) жүйесінде болды.

2003 жылдан бастап «КазНИКИМПП» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің «НИКИММП» РМК «Қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталығы» Семей филиалына («ҚӨжТӨҒӨО» РМК) ауыстырылды.

2007 жылдан бастап «ҚӨжТӨҒӨО» РМК «ҚазАгроИнновация» Акционерлік қоғамына («КАИ» АҚ) қосылу арқылы қайта құрылды.

2010 жылдан бастап, «КАИ» АҚ-ның Бұйрығымен «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды.

2016 жылдан бастап «ҰАҒБбО» КеАҚ құрамына кірді.

Ғылыми әлеует

КФ «ҚҚӨжТӨҒЗИ» ЖШС Қазақстанның барлық аймақтарында мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және өндіру, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру саласындағы жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік, қоғамдық құрылымдармен және жекеменшік кампаниялармен жедел байланыс орнатып, іске асыру жұмыстарын ұйымдастырады.

КФ «ҚҚӨжТӨҒЗИ» ЖШС-нің құрамына келесі негізгі бөлімшелер кіреді:

- ет және ет өнімдерінің технологиясы зертханасы;

- сүт және сүт өнімдерінің технологиясы зертханасы.

Бөлімшенің ғылыми кадрлары -  жұмысты орындау барысында қойылған міндеттерді шешуге қабілетті, ет және сүт өнеркәсібі саласындағы білікті мамандар.

Ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды жүргізу үшін филиал зертханалық құрал-жабдықпен, материалдармен, реактивтермен, ғылыми-техникалық ақпаратпен, сондай-ақ қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті өндірістік базасы бар. Зертханалар зерттеулер жүргізу үшін қажетті жабдықтармен және материалдармен жабдықталған.

  • 071410, Семей қ., Байтұрсынов к-сі, 29

  • Телефон: 8 (7222) 34-26-15

  • Факс 8 (7222) 34-49-01

  • е-mail: nikimmp@mail.ru